Еліміздің халықаралық резервтері жарты жылда 4,3%-ке артты

Қазақстанның халықаралық резервтері 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 94,7 миллиард АҚШ долларға жеткен. Бұл – жыл басындағы көрсеткіштен 4,3%-ке жоғары.

Елдің халықаралық резервтері 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 94,7 миллиард АҚШ долларға жетіп, 2023 жылдың басына қарағанда 4,3%-ке өсті. Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,1% немесе 35,5 миллиард АҚШ долларына дейін, ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 6,3% немесе 59,2 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайды, — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының экономикаға берген кредиті 25 триллион 621,1 миллиард теңге болған. Оның ішінде заңды тұлғаларға – 10 триллион 682,4 миллиард теңге, жеке тұлғаларға 14 триллион 938,7 миллиард теңге кредит берілген.

Депозиттер 2023 жылғы 1 маусымда 30 триллион 629,2 миллиард теңге болып, 2023 жылдың басына қарағанда 1%-ке азайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 3,8% немесе 14 триллион 711,4 миллиард теңгеге дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,7% немесе 15 триллион 917,8 миллиард теңгеге дейін көбейді. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2022 жылғы желтоқсандағы 68,4%-тен 2023 жылғы мамырда 71,6%-ке дейін өсті, — делінген хабарламада.