Биыл Алматыда 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Биыл Алматыда 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, оның 60%-і тұрақты. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Биылғы бес айда мегаполис экономикасы қарқынды түрде өсті. Қысқа мерзімде экономикалық индикатор 122,2%-ке дейін, жылдық инфляцияның баяулауы аясында іскерлік белсенділік индексі 58,7% тармаққа дейін жеделдеді. Сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік пен қоймалау – экономикалық өсімнің драйвері болды, — деді Ерболат Досаев баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, есепті кезеңде негізі капиталға 484 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялар 2,7%-ке өскен.

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Биыл 29 400 жұмыс орны ашылды, оның 60%-і тұрақты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 5-5,5% деңгейінде болады деп бағалап отырмыз, — деді Алматы әкімі.