Алматыдан 376 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 маусым күні таңғы сағат 02.17-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 376 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқаны.

Энергетикалық санаты – 11,8.

MPV магнитудасы – 5,1.

Эпицентр координаттары – 42,13° с.е. 81,26° ш.б.

Тереңдігі – бес шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.