Ұлттық банк доллардың бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 9 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 444,85 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,42 теңге.

9 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,81 теңгеге төмендеп, 444,75 теңге болған. Ресей валютасы 5,42 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,5–446,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 443,5–447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,35–5,57 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,3–5,42 теңгеден саудаланып жатыр.