Мемлекет басшысы қатысатын іс-шаралар аңдатпасы жарияланды

Ақорда бүгін мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді.

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар президент:

  • Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;
  • Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;
  • Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;
  • ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.