Байқаудың 8-кезеңінде Димаш Хан Хунның «таң атты» әнін сырқаттанып тұрса да шебер орындап шыққанын абарша тыңдармандар куә. Димаш: «Денсаулығыма алаңдап жатқан жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Жарысқа шығар алдында арнайы екпе жасаттым. Оның 10 сағатқа ғана күші жетеді. Ауырып тұрсам да фонограммамен ән айтқым келмейді. Халықтың алдында барынша шын бейнемді көрсеткім келеді»,- деп айтып өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш «I am singer» ән байқауының 9-кезеңінде Селин Дионның «All by Myself» әнін орындап, 2-орын иеленді. 9-кезең, ертең, яғни 18 наурыз күні эфирден көрсетіледі. Ал, аталған байқаудың 10-кезеңінде 3 орын алып, финалға өтті. Бұл кезеңде ол О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

Люблю❤❤❤❤❤
крута
не нравится