Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкімет Ұлттық қорға сеніп алған

Ұлттық қор қаржысын пайдалану мәслесіне ерекше назар аудару керектігіне тоқталған Сенат төрағасы: «бірқатар сарапшылардың пайымынша, Ұлттық қор қаржысын пайдаланудың қазіргі тәжірибесі ұзақ мерзімді перспективада Үкіметтің экономикалық саясаты тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұған ағымдағы проблемаларды жедел шешу үшін тұрақты қаржы көзінің болуы (Ұлттық қордан) ықпал етуде. Басқаша айтқанда, Ұлттық қор Үкіметті босаңсытып отыр», – деді.

«Біз экономиканы басқа жағдайларда дамытуға дағдылануымыз керек. Осы орайда экономикалық өсімнің жаңа моделін құрып, бәсекелестік пен нарық жағдайларында өмір сүруге үйренуіміз қажет. Бұл стратегиялық мақсатқа Президенттің Үшінші жаңғыруы негізделген», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ДереккөзInform.kz