2018 жылы зейнетақы 45 пайызға өседі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2020 жылға дейін зейнетақы жүйесі жаңғыртылады.

«Биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы көлемi 20 пайызға ұлғаяды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге арналған төлем, асыраушысынан айрылғандарға төленетiн жәрдемақы 16 пайызға артады. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 2016 жылғымен салыстырғанда 45 пайызға артады», — дедi Т.Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, бұның барлығы мемлекеттiк бюджеттен қосымша қаржының бөлiнуiн қажет етедi. Қазiргi таңда 300 млрд теңге бюджетте қарастырылған. Бұл қаржы 3 млн астам азаматты қамтиды.

ДереккөзBaq.kz

5 пікір

  1. Мен 16жыл ҰОС ардагеріне (2 топтағы мүгедек) қарауыма байланысты жұмыс істемедім маған зейнетақы тағайындау тәртібі қалай болады екен…?

  2. Зейнетке шыққанда инвалидтік ақша қосыла ма?Егер ол адам алдында инвалидтік төлем алып жүрсе

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да