Қазақстанда 7-9 наурыз күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7-9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы бойынша Атлантикалық циклон батыстан шығысқа қарай жылжиды. Ауа райының тұрақсыз сипаты қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, екпінді жел және көктайғақ құбылыстары, республиканың оңтүстігінде жаңбыр болады. Барлық кезеңде шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Батыста тек 8-9 наурызда, 9 наурызда елдің орталығында жауын-шашын тоқтауы мүмкін. Республика бойынша тұман болады. Кезең аяғында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температура фоны 7-17 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз — 5 градус жылы, күндіз 5-12 градус жылыға дейін төмендеуі мүмкін, — делінген хабарламада.