Қазақстан аумағынан 674 шетел азаматы шығарылды

Қазақстан аумағынан 674 шетел азаматы шығарылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ішкі істер министрлігі шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу дерегін анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел-алдын алу шарасының қорытындысын шығарды.

Көші-қон заңнамасын бұзғандарды ел аумағынан шығару туралы 674 сот шешімі шығарылды. Барлық шығарылғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Өз елінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 22 шетелдік ұсталды, — деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Ол 2022 жылғы қарашада Жамбыл облысында шекара қызметі мен ҰҚК бірлесіп Қазақстанға заңсыз кірген Пәкістанның тоғыз азаматын, Қырғызстанның бір азаматын анықтағанын айтты.

Заңсыз көшіп келушілерге баспана берген тұлғаларға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да