Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 5:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12,1. Магнитудасы — 5,6. Тереңдігі — 10 шақырым, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша 03:42-де тағы да жер сілкінісі тіркелген. Бұл жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Магнитудасы — 5,9. Алматыда 2 балл сезілген.
