Ұлттық банк доллардың ресми бағамын белгіледі

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447,73 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,93 теңге.

24 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 00 теңгеге төмендеп, 447, 99 теңге болған. Ресей валютасы 5, 94 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,5 – 451,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448– 452 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,65 – 5,95 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,75 -5, 88 теңгеден саудаланып жатыр.