Тұрғын үй нарығында баға бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтар) жаңа үйге – 0,7%-ке, қолданыстағы үйге 0,3%-ке өсті. Жалға беру құны 2,5% көтерілді.
Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы:
- жаңа үй – 481 891теңге;
- қолданыстағы үй – 515 019 теңге;
- жалға берілетін үй – 4 671 теңге.
Бір жылда қолданыстағы пәтерді қайта сату бағаcы – 18,7%-ке, жаңа баспананы сату 14%-ке өсті. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 34,3%-ке артты.
Өңірлер бойынша бір жылда жаңа пәтерлер мына қалаларда едәуір қымбаттады: Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9%.
Қолданыстағы пәтерлер ең көп қымбаттаған қалалар: Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%).
Жалға берілетін үйлер ең көп қымбаттаған қалалар: Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%).
