Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек беру үшін ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына келіп жетті. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам — Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы Астанаға қайтарылды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Түркиядан 16 қазақстандық пен екі Қырғызстан азаматы эвакуацияланған болатын. Олар 8 ақпанға қараған түні ҚР төтенше жағдайлар министрлігі бортымен келген.
