Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12 мыңнан асты

Түркия төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Кахраманмараштағы жер сілкіністері салдарынан 12 391 адам қаза болып, 62 914 адам жарақат алған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті.

Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да