Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,28 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455,65 теңге болды.
Ұлттық банктің 8 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 456,98 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 455 теңге, сатып алу – 458,5 теңге. Астана бойынша сату бағамы – 456,2 теңгеден болса, сатып алу – 459.
Ресей рублі 6,25 – 6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, қор нарығында доллар бағамы өткен аптадан бері арзандап жатыр.
