Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін қарлы беткейге шықпауды, таулы жерде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске орналасқан. Негізінен қар көшкінінің жүруі температураның жоғарылауы және қар аралас жаңбыр түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», — деп ескертті ведомство.