Ауылдардағы жедел жәрдем сапасы жақсарады

Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасының құрамына парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысына қатыса алатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.

100 мың адам тұратын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қалауына қарай дербес жедел медициналық жәрдем стансалары ұйымдастырылады.

Бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18% — мамандандырылған дәрігерлік бригадалар.

Жедел жәрдем стансалары 10 мың және одан аз халыққа шаққанда бір бригаданың есебінен бригадамен жарақтандырылатынын, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарындағы ЖМК бөлімшелері халықтың өтінішін ескере отырып, 35 мың және одан аз халыққа шаққанда бір бригаданың есебінен бригадамен жарақтандырылатынын естеріңізге саламыз» деп хабарлады министрліктен.

Диспетчерлердің ауылдық елді мекендердегі шақыруларға қызмет көрсетуі үшін аудандық қосалқы стансаларға мамандар, сондай-ақ жақын маңдағы медициналық ұйымдардың санитариялық автокөліктері тартылуы мүмкін.

Бұл инновациялар ЖМК қызметінің ел халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.