Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
