«Еліміздің мектептеріндегі интернетті орталықтандыру керек. Сондай-ақ барлық сыныпқа Wi-Fi қондыру қажет. Бұл өте маңызды. Мұндай аппарат орнату аса қымбат емес», — деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде 7 000 мектепте интернет орнатылған. Соның ішінде жылдамдығы 4 Мб/с асатын интернет тек 2000 мектепте ғана бар.
