Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі сотта қаралып жатыр

Актермен бірге сотқа фильм режиссері мен тағы оншақты адам шақырылған. Енді олар 69 миллион теңгені кімнің, қайда жібергенін сотқа жеке түсіндіріп жатыр.

Тұңғышбай Жаманқұлов қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отырғанын айта кетейік. Бүгінгі отырыста адвокат режиссерді де кепілақымен босатуды сұрады. Қорғаушының бұл талап-арызына қатысты шешім ертең шығады.

Тұңғышбай Жаманқұловтың адвокаты Бақытгүл Қадырбекова журналистерге өкпелі.

«Көп мәліметті  дұрыс жеткізбей жатыр. Сондықтан біз қарсы болдық. Ауыздан шыққан мәлімет дұрыс жеткізілуі керек халыққа», — дейді адвокат.

ДереккөзKtk.kz