Мәжіліс соттардың қызметін жетілдіруге арналған құжатты талқылайды

Аталған заң жобаларын мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында бір топ парламент депутаттары әзірледі. Бұл құжаттар судьялар корпусының кәсібилігін және олардың тәуелсіздігін арттыруға, сонымен қатар судьялыққа кандидаттарды даярлаудың, біліктілікті арттырудың, шекті жасты ұзартудың, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың бірқатар мәселелерін жоғарғы соттан жоғарғы сот кеңесіне беруге бағытталған түзетулерді қамтып отыр, — деді мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында.

Оның айтуынша, аталған заң жобаларын қабылдау соттардың қызметін жетілдіруге, жергілікті жерлерде судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Осы орайда Қожахметов мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті бұл құжаттарды талқылауды бастайтынын жеткізді.