Бірнеше өңірде пайдалануға берілген баспана саны азайды

Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсімі республиканың 14 өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Павлодар (32,1%), Шығыс Қазақстан (15,4%) және Жетісу облыстары (8,8%) көш бастап тұр. Бұл ретте пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің төмендеуі Ұлытау (29,6%), Маңғыстау (15,1%), Солтүстік Қазақстан (13,1%) және Атырау (7,8%) облыстарында, сонымен қатар Астана (24,7%) мен Алматы (34,6%) қалаларында байқалды, — делінген хабарламада.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген баспаналардың жалпы алаңы 8,8%-ке азайды. Атап айтқанда, көппәтерлі 1 540 үй қолданысқа берілді, бұл 2021 жылғы көлемнің – 91,5%-і. Пайдалануға берілген жеке үйлер саны – 36 365, бұл былтырғы көлемнің – 92,6%-і.

Былтырғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында тұрғын үйлердің жалпы алаңының бір шаршы метр құрылысына жұмсалған нақты орташа шығын 12,2%-ке өсті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да