Аманаттықтар Екібастұз тұрғындарына 1 мыңнан астам жылытқыш жіберді

Бүгін партияның Астанадағы филиалынан гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Аманаттықтар барлығы 1 мыңнан астам жаңа электр жылытқыштар, көрпелер, термостар және тағы басқа қажетті заттар жолдады.

Amanat, Екібастұз, гуманитарлық көмек
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

«Партиялықтар Екібастұзда болған жағдайға алаңдап отыр. Аманаттықтар Арыстағы, Мақтааралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Бүгін астанадан ең қажетті заттар – жылытқыштар, көрпелер жөнелтіледі. Бүгіннен қалмай бұл көмек Екібастұз тұрғындарына жеткізіледі», – деді Amanat партиясының Астана  филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов.

Amanat, Екібастұз, гуманитарлық көмек
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Екібастұзда волонтерлар штабы ашылды. «Жастар рухының» белсенділері үй-үйді аралап жатыр. Мобильді бригадалар жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинап жатыр. Сонымен бірге партияның жастар қанатындағы волонтерлер апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру жұмысымен де айналысып жүр.

Amanat, Екібастұз, гуманитарлық көмек
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі