Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп жүріп өтті, — делінген хабарламада.

18658f18ffb720797f30407bd5352528 Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды
Фото: t.me/bort_01