Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;
- 30 жастан асқан;
- жоғары білімі бар;
- жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
- тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған.
Кандидаттың белсенді сайлау құқығы болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам парламент депутаттығына кандидат бола алмайды, — деді ОСК мүшесі Константин Петров комиссия отырысында.
