Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон әсер етіп ылғалды ауа райы сақталады. Яғни, жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.
1 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 2-3 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында жел күшейіп, бұрқасын болады. 1 қарашада елдің басым бөлігінде 10-22 градус жылы болады, одан кейін 2 қарашада 5-13 градусқа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.
