Президент Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және үкіметіне көңіл айтамын. Сонымен қатар жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында көпір опырылып, кем дегенде 141 адам қаза болғанын хабарлаған болатынбыз.