Жылыту маусымы басталған күн метеорологиялық болжам мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталған.
Тұтынушыларды жылумен жабдықтау мына кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:
- балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа ғимараттар.
