Алматыға жылу қашан беріледі?

Спикердің айтуынша, Алматыда жылу беру маусымы 15 қазанда басталады. Алдымен балабақшалар мен мектептер, ауруханаларға жылу берілсе, кейін көпқабатты үйлер кезекте екені айтылды.

Бүгінде Алматыда барлық жылу желілері жаңа жылыту маусымына дайын. Тұрғындар ПИК немесе МИБ-пен құбырларды жылу беруге дайындау, сонымен қатар күн суытқанша барлық үйішілік желілерді тексеру қажет: жылыту жүйесін жуу, жөндеу, — деді Қазымбетов.