Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстаның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Елдің батысында ғана антициклон жотасы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батысында, солтүстік- батысында, солтүстігінде – тұман.
Күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады.
Астанада көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метр. Ауаның температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып кешкісін жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады күші 2-7, күндіз екпіні секундына 12 метр. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 8-13 метр. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы болады.
