Еліміздің басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, сондықтан басым бөлігінде жаңбыр, шығысында – қатты жаңбыр, солтүстігінде – жаңбырдың соңы қарға ұласады.
Қазақстанның батысы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман болады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
