Қазақстаннан көмір экспорттауға шектеу қойылды

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Министрлік 14 қыркүйектегі 514-бұйрық бойынша республикадан автомобиль көлігімен көмір экспортына шектеу қойған.

«Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр», — делінген хабарламада.

Шешім жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесе отырып 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау үшін шығарылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да