Қазақстанның көмір экспорты 2,1 есе артты

Қаңтар-шілде аралығында Қазақстан бойынша 66,4 миллион тонна таскөмір, лигнит және көмір концентраты өндірілген. Оның 92,6%-і таскөмір – 61,5 миллион тонна. Бұл 2021 жылдың алты айымен салыстырғанда 5,8% көп.

Қазылған көмірдің 39 миллион тоннасы Павлодар облысына тиесілі. Мұнда өндіріс көлемі былтырғыдан 5% көп. Ал Қарағанды облысының үлесіне 21,3 миллион тонна тиесілі, — делінген хабарламада.

Аналитикалық ресурстың жазуынша, қазылған таскөмірдің 30%-ке жуығы, яғни 16,4 миллион тоннасы (457,4 миллион доллар) экспортқа кеткен. Экспорт көлемі былтырғыдан 20,8%, ақшалай есептеген 2,1 есе артқан.

Қазақстан көмірін импорттаушы елдердің басым бөлігі ТМД аясындағы мемлекеттер. 16,4 миллион тоннаның 10,9 миллион тоннасын (156,2 миллион доллар) сатып алған. Оның 62,2%-і Ресей Федерациясына кеткен. Одан кейін Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан еңірі импорттаушы болып отыр.

ТМД-дан тыс елдердің ішінде Швейцария 3,7 миллион тонна көмір сатып алған.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша, елдің көмір тұтыну көлемі 9,6 миллион тоннаға жетеді. Оның ішінде 2,6 миллион тоннасы коммуналдық-тұрмыстық салаға тиесілі. Ал 7 миллион тоннасын халық тұтынады. 7 айдың ішінде халық пен бюджеттік ұйымдар 4,5 миллион тонна түсіріп алған, — деп жазылған сараптамада.