Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік мөлшерінде бекітілсін,- делінген құжатта.
Бұған дейін қаржы реттеушісі мен оның филиалдарының штат саны 2 587 бірлікті құраған.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
