Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23 метр болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15 метр болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында секундына 15-20 метр болады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метр болады.