Нұр-Сұлтандағы жаңа көпірде автобус бағыты іске қосылды

Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.

Тұрғындардың көптеген сұрауы бойынша және көлік қызметін жақсарту мақсатында, 19 тамыздан бастап № 60 автобус бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайды. Осылайша сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады, — делінген хабарламада.

Бағдар қозғалысы мынадай: «Талисман» ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін.

Жаңа маршрут қолданбалар жаңарғаннан кейін 2gis және Yandex.Maps-те пайда болады.

Еске салайық, дүйсенбі, 8 тамызда Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпір ашылған болатын.