Қазақстанда тамызда ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбырлар күтіледі. Елдің шығысында найзағай, бұршақ, екпіні секундына 15-25 метрге жететін жел болжанады. Солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Түнде термометр бағаны +7+15 градус, күндіз +17+22 градусқа дейін түсетін болады. Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклон ел аумағынан ығысып, солтүстік өңірлерге оңтүстік циклон келеді. Онымен жылы ауа массалары шығарылып, ауа температурасы түнде +18 +23 градус, күндіз +25 +33 градусқа дейін көтеріледі,- делінген хабарламада.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі: түнде +15 +20 градустан +20 +25 градусқа дейін, күндіз +25 +32 градустан +33 +40 градусқа дейін.

Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының құбылмалы сипатына әкеледі. Дегенмен, суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18 градустан +18 +25 градусқа дейін, күндіз +17 +22 градустан +25 +30 градусқа дейін ауытқиды. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38 градусты құрайды, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжанады.

Ұсынылған ауа райы болжамына сәйкес, жаздың соңғы күндері күн суытады.

Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының кіруі, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12 градусқа дейін (жекелеген аудандарда үсікке дейін төмендейді), күндіз +15 +20 градусқа дейін төмендейді. Елді оңтүстік жартысында ауа бағамы түнде +10 +15 градус, күндіз +20 +27 градус көрсетеді, — делінген хабарламада.