Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың 33% астамы — балалар

Бұл туралы ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырған 1 176 науқасқа сараптама жүргізді. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар үлесі — 33,7%, ал ересектер үлесі — 66,3% құрайды, — деді Күләйім Біржанова орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, республика бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 5 мыңнан астам нысан бар.

Олар — дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтары, емханалар. 12 мыңнан астам педиатриялық, терапевтік учаске, жалпы тәжірибе дәрігері бар. Онда шамамен 32 мыңнан астам дәрігер мен 13 мыңнан астам орта медициналық қызметкер жұмыс істейді, — деді ол.