Әния Байоразова «Жетінші арнаның» бас директоры болды

Әния Байоразова 2009 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Оның медиа және теледидар өндірісінде 15 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын 31 арнада университетте оқып жүргенде бастаған. Ол редактор, сценарист және ақпараттық ойын-сауық жобаларының жүргізушісі болып жұмыс істеген.

2010-2020 жылдар аралығында ақпараттық қызметтің тілшісі, «Хабар» телеарнасының дикторы, «Еларна» телеарнасы мен «Алматы» телеарнасында түрлі тележобалардың жүргізушісі қызметтерін атқарған.

«Jas Otan» төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. «Biz Birgemiz» халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдан ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.

Қазір ол Алматы менеджмент университетінде MBA дәрежесіне оқып жатыр. Үш тілде еркін сөйлейді. Екі бала тәрбиелеп отыр.