Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина елге оралды

Әуежайда спортшыны туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды.

Елена Рыбакина қазақтың ұлттық тағамдары — қымыз бен бауырсақтан дәм татты.

Мені қолдаған, осында келген баршаңызға алғысым шексіз. Ертең баспасөз жиыны өтеді, барлық сұраққа қуана жауап беремін. Келгендеріңізге көп рақмет! — деді спортшы.

Айта кетейік, спортшы 12 шілде 15:00-де Нұр-Сұлтандағы The Ritz-Carlton-да журналистерге баспасөз мәслихатын өткізеді, содан кейін жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі.

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде  тарихи жеңіске жеткен болатын.

Бәріңізге рахмет! Елена Рыбакина елге оралды