Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Мәскеуде ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органы жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.

Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігінің қолы жетімсіз болу үшін елден тысқары жасырынып жүреді. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық іздестіруді жүзеге асырды, — делінген хабарламада.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қазақстан Республикасы ІІМ интерполмен бірлесіп, Мәскеуде Алтынбековті ұстап, қамауға алды.

Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтен» «Алшерге» өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды, — делінген хабарламада.