Дәл бүгінде республика бойынша қорқынышты жағдай жоқ – «жасыл» аймақтамыз. Біздің ауруханаларымызда жүздеген адам ем алып жатыр. Аурухананың алты-ақ пайызға толы. Соның ішінде 4 адамның денсаулық жағдайы нашар деген қорытындымен дәрігерлерің бақылауына алынды, — деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.
Оның айтуынша, респбулика «жасыл» аймақта тұрғандықтан, әзірге маска режимін енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ.
Өздеріңіз білесіздер, елімізде эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын матрица бар. Егер өңірлеріміз «жасыл» немесе «қызыл» аймақтарға енсе, тиісті санитарлық-эпидемиология шаралары қолданылады. Қазіргі жағдайда «жасыл» аймақта болғандықтан ондай шаралар жоқ. Ал егер «сары» аймаққа кірген кейбір өңірлерде аурушаңдық көбейіп, қандай да бір қауіп-қатер туындаса, министрлік тарапынан саниталық-эпидемиологиялық дәрігердің тарапынан шаралар қолданылады. Бүгінгі таңда алаңдауға еш негіз жоқ. Бірақ алдымызды ойлап, қандай да бір шараларды жоспарлап қоямыз, — деді Ажар Ғиният.
