Әкім Ысқақ: Тәуелсіздігіміз бір сәтте күлі көкке ұша жаздады

Оның үстіне, тіпті, болмайтын жерден ұлттық қауіпсіздігімізге, мемлекетімізге қауіп төнді. Қару-жарақ дүкендерінің тоналуы, елде қоқытуды әдейі көздеген топтар полиция ғимараттарына, қалалық әкімшіліктерге, әуежайға, телеарналардың ғимаратына шабуыл жасады.

Әлі күнге дейін қанды оқиға нақты кімнің ұйымдастырылғаны анықталған жоқ. Бірақ мұның басында кім тұрса да еліне жау адам. Салдыранынан бейбіт шеруге шыққандар зардап шегіп, қаншама қан төгілді. Еңбектеген баладан қартайған қартқа дейін оқ жаудыру, мемлекеттің іргесіне шабуыл жасап, бәрін қиратты. Арандатушылардың әрекетінен тәуелсіздігіміз бір пәсте күлі көкке ұша жаздады.

Сондықтан бұл жағдай бәрімізге ауыр соққы еді. Меніңше, Қаңтар оқиғасы жәй ғана оқиға емес. Бұл күн мемлекетіміз үшін мәңгілік сабақ болуға тиісті. Мемлекетімізді көзіміздің қарашығындай құрметтеуіміз керек. Өйткені мемлекетіміз – біздің баспанамыз, жанұямыз. Немқұрайлы қарап, жаудың еншісіне кететін ел емеспіз. Кімде-кім өзін Қазақстанның азаматымын деп білсе, сол елін шынай көңілмен, түзу ниетпен қорғауы тиіс. Өйткені тәуелсіздік бізге ауадай қымбат. Өз еліңнің қожасы болғың келсе, өз ұлтыңды, өз жеріңді, өз еліңді құрметтеуің керек.

Жазушы: Әкім Ысқақ