Президент бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:

I дәрежелі «Барыс» орденімен

Жұрынов Мұрат — «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті;

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Әбділдин Жабайхан — «Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы — «Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

Кішібеков Досмұхамед  — «Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

«Парасат» орденімен

Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы — әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті КеАҚ орталығының директоры;

Блиев Назарбай — Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы — индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры;

Күрскеев Әбдірахман Козлоевич — білім және ғылым министрлігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері;

Пак Иван Тимофеевич — Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі;

Сманов Бақтияр Өрісбайұлы — Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университеті КеАҚ профессоры;

Таймағамбетов Жәкен  Қожахметұлы — Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы РҚБ академигі;

«Құрмет» орденімен

Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы — А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты АҚ бас ғылыми хатшысы;

Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы — әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті КеАҚ биология және  биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры;

Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы — Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры;

Косов Владимир Николаевич — Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі;

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы — білім және ғылым министрлігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМК директоры;

Медеу Ахметқал — география және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы;

Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы — Лев Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті КеАҚ профессоры;

Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы — денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы РМК бас директоры;

Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы — С. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі;

Төлешов Амандық Қуатұлы — білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры;

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен

Дәулетов Асқар Ербұланұлы — әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті КеАҚ деканы.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген хабарламада.