Синоптиктер мәліметінше, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі циклонға байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағындағы ауа райы тұрақсыз болуына әсер етеді.
Найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін, ал солтүстік-батыста, сонымен қатар оңтүстік өңірлердің таулы аудандарында және тау бөктерінде жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста түнде, таңертең 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, — делінген хабарламада.
Қалған аймақтарда температура төмендейді. Күндіз солтүстікте, орталықта 25-30 градустан 15 градусқа дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33 градустан 17 градусқа дейін болады, — делінген хабарламада.
