Қазақстанда кредит беру жасын ұлғайту ұсынылды

Бүгін сенатта «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулар кезінде конгресс басшысы маңызды мәселені көтерді. Оның айтуынша, елімізде лудомания проблемасы ушығып барады, құмар ойындарға тәуелді жастардың саны көбейді.

Қазірдің өзінде, шамамен, 350 мың қазақстандық құмар ойын құрсауынан шыға алмай жүр. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер. Мысалы, студенттер ойнаймын деп, микрокредит ұйымдарынан шағын несие алады. Бірақ артынан тәуелді болып кетеді. Ал қарызды ата-анасы төлейді. Осыған байланысты біз микрокредиттерді беру жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді сұраймыз, — деді Тоқтар Болысов.