Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Алматы облысында 6 ақпаннан бері боран соғып, жолдың көрінбеуіне байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырым аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында 8 ақпанда сағат 11:15-тен бастап ауа райының нашарлауынан  барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92-527 шақырымдар, Ембі қ. — Шалқар қ.) автожол бөлігі жабылды.

Қостанай облысында бүгін бұрқасын болуына байланысты сағат 10:15-тен бастап барлық автокөліктері түрлері үшін «Жітіқара-Қамысты-Ливановка» бағыттарындағы облыстық жол жабылды.

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да