Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, сәуірдің аяғында Қазақстанның батыс өңірлеріне Ақ теңізден келген циклон әсер етеді. Содан кейін ол шығыс бағытқа ауысып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына да әсер етеді.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сонымен бірге 30 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысына оңтүстік циклон әсер етеді, ал 30 сәуірде ол Қазақстанның басым бөлігін қамтиды.

Сондықтан бұршақ жауып, дауыл тұрады. Қазақстан аумағында жел секундына 15-20 метрге, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Сонымен қатар батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы біртіндеп төмендеп, елдің қалған аумағында жоғарылауы мүмкін, — делінген хабарламада.