Алматыны тұман басты: әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарда Алматы, Шымкент, Атырау, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қалың тұманға қарамастан Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Әуежайдың баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуіне еш негіз жоқ екенін атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да